Page 42 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 42
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ондық бөлшектердің жазбаша нөмірленуі (бөлімсіз жа-
зу) бүтін сандарды нөмірлеумен тығыз байланысты. Сон-
дықтан бүтін сандағы цифрдың мәні қайталана береді.
Жұмыс разрядтық кестені пайдаланумен жүргізіледі. Онда
ондық үлестердің орны көрсетілген: ондық, жүздік, мыңдық.
Ондық бөлшектер разрядтық кестеге жазылады. Оқушылар
бөлшектерді оқу және дәптеріне жазып алуда жаттығады.
Ондық бөлшектерді жазу кезінде үтірден кейін бөлшектің
бөлімінде қанша нөл бар екендігіне назар аударылады.
Бөлшектерді салыстыру кезінде келесі реттілік сақта-
лады: алдымен ондық үлестері бар бөлшектер, содан кейін
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүздік үлестері бар бөлшектер және ақыр соңында, мың
үлестері бар бөлшектер салыстырылады.
Бастапқы уақытта көрнекілік құралдар пайдаланылады:
дециметрге, сантиметрге және миллиметрге бөлінген
метр жолақтар, бөлшектерді бөлімдерімен бірге жазу. Со-
дан кейін жазбалар талданады және оқушыларды ондық
бөлшектерді разрядтық салыстыру бүтін сан дарды
салыстыруға ұқсас екендігі туралы қорытындыға әкеледі.
Ондық бөлшектерді ірі, ұсақ және бірдей үлестерде
көрсету, ондық бөлшектің соңында жазылған нөлдің қасиеті
негізінде қарастырылады. Көрнекілік құралдарға сүйене
отырып оқушылар ондық бөлшектің соңындағы нөлді алып
тастағаннан немесе нөлді қосқаннан бөлшек шамасының
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
өзгермейтіндігіне көздері жетеді; бірақ бұндай жағдайда
бөлшек не ірі, не ұсақ үлесте көрсетіледі. Осы қасиетті
қолдана отырып оқушыларға ондық бөлшектерді бірдей
үлесте қалай көрсетуге болатынын көрсетеді.
Ондық бөлшектерді құру кезінде, ондық бөлшектің көме-
гімен шамаларды өлшеу кезінде алынатын сандарды жа-
зып алуға болатындығын көрсетуге болады. Бұл жазуды
орындау алгоритмі метрикалық жүйенің бірліктік арақа-
тынасы біліміне негізделген. Бұларды оқушылармен қайта
қайталап шыққан жөн.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту келесі реттілікте
оқытылады:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
40