Page 38 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 38

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Содан  соң  оқушыларды  көлденең  қалыпты  анықтауға
           арналған  аспаппен  –  деңгеймен  таныстырады.  Оның  құ-
           рылысы  және  оны  пайдалану  ережелері  туралы  айтып
           береді.
              Деңгей  құралының  көмегімен  оқушылар  сарамандық
           жұмыстар барысында заттардың түзу, жалпақ беттерінің
           көлденең  орналасуын  анықтай  алады.  Егер  заттың  түзу
           беті  көлденең  емес  болып  шықса,  ол  не  көлбеу,  не  тік
           болуы  мүмкін.  Мұғалім  сызықтар  мен  нысандардың
           тік  орналасуы  туралы  ұғымды  енгізеді:  «Түзу  көкжиек
           сызығына  немесе  көлденең  орналасқан  сызыққа  қарай
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           түзу бұрышта орналасады. Бұл түзу тік күйде орналасқан».
              Оқушылардан  қоршаған  ортадағы  төртбұрышты,  тік
           тақтаны, тік орналасқан заттарды табуды сұрайды.
              Мұғалім тік күйді анықтауға арналған аспапты (тіктеуіш)
           оқушыларға көрсетеді және оқушылардың оны өз қолымен
           жасауын сұрайды. Тіктеуіштің көмегімен оқушылар кейбір
           түзу  сызықтардың,  заттардың  бағытын  (орналасуын)
           анықтайды.
              Көлденең, тік және көлбеу күйлерде болатын түзулерді
           саралауға арналған жаттығулар жүргізіледі.
              Одан  кейін  параллель  және  перпендикуляр  түзулер
           және оларды құру туралы ұғымдар енгізіледі. Мұғалім екі
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           түзу қиылысқан кезде тік бұрыш құратын болса, онда олар
           перпендикуляр  түзу  болып  табылатынын  көрсетеді  және
           хабарлайды.  Перпендикуляр  түзулерді  құрудың  әртүрлі
           нұсқалары қарастырылады.
              Содан  кейін  параллель  түзулер  туралы  ұғым  енгізі-
           леді.  Мұғалім  хабарлайды:  «Егер  екі  түзу  жазықтықта
           қиылыспаса, онда оларды параллель деп атайды».
              Параллель  түзулерді  сызу  оқушылар  үшін  үлкен
           қиындық  туғызады.  Параллель  түзулерді  құру  келесідей
           орындалуы  мүмкін.  Оқушыларға  бір  парақ  қағаз  үстіне
           сызғышты  ыңғайлап  қою  ұсынылады  (көлденең  қойған
           жөн). Ұшбұрышты сызғышты сызғышқа тік бұрыш жағымен
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           36
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43