Page 36 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 36
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өлшеу кезінде алынған сан ұсақ шамада көрсетіледі.
Көптаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту (бөлу) ережесі
бойынша көбейту, бөлу амалын жүргізу үшін өлшеу кезінде
алынған сан ұсақ шамада көрсетіледі. Шешім бағана тү-
рінде жазылады.
Қандай да болмасын разрядтың бірліктер саны нөлге тең
болғандағы мысалдар ерекше назар аударуға тұрарлық.
Мұндай жағдайда оқушылардан атаулары бар сандарды
жазып алу кезінде нөлдерді жазуын талап ету керек
(4 м 05 см х 5, 2 км 003 м), содан соң ғана сандарды ұсақ
шамаларға айналдырып, амалды орындауға болады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Тиындар мен қағаз ақшаларды айырбастау және ауыс-
тыру бойынша практикалық жұмыстар қарастырылуда.
Дүкендерге, дәріханаларға баруды қарастыратын тапсыр-
малар пайдалы болады. Бұл жерде оқушылар өз бетімен
кейбір өнімдердің құнын, олардың салмағын біле алады,
және бұл деректерді есеп шығару үшін, жағдаяттық тұр-
мыстық тапсырмаларды орындау үшін пайдалана алады.
Көрнекі геометрия элементтері
«Көрнекі геометрия элементтері» бөлімінде игерілген
ұғымдар мен дағдыларды үздіксіз қайталауды ұйымдас-
тыру көзделеді: сызықтарды ажырату (түзу, қисық, сынық,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кесінді), бұрыштардың, төртбұрыштардың түрлері; фигура-
ларды сызу, кесінділердің ұзындығын өлшеу.
Кесінділерді қосу және азайту амалдары енгізіледі. Ке-
сінділердің сызбалары карточкаларда беріледі, оқушылар
кесінділерді өлшеуі және сандармен қажетті амалды жаса-
уы керек. Мұғалім оқушыларға кесінділердің өлшемдерін
хабарлайды. Оқушылар кесінділерді дәптерлерінде, тап-
сырманы шешуге арналған сурет-сипаттама ретінде сызып
алады. Сызбада берілген кесінділерді қосу талап етіледі.
Оқушылар оларды өлшейді, алынған сандарды қосады
және қосындыға тең кесіндіні құрады. Кесінділерді геомет-
риялық тәсілмен қосу келесіден тұрады: әртүрлі түске
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
34