Page 31 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 31
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
гиялық топ оқушылары) арифметикалық амалдарды орын-
дау барысында калькуляторды пайдалану рұқсат етіледі.
10 000 шегінде сандарды көбейту және бөлу дайындық
жаттығулардан басталады. Дайындық жаттығуларға тақы-
рып бойынша бұрын өтілген материалды қайталау тапсыр-
малары кіреді.
Сонымен, көбейту амалы – бірдей қосылғыштардың қо-
сындысын табу амалы екенін қайталау өте қажет.
Сондықтан көбейту орнына қосу амалдары мысалдарын
және кері амалдар бойынша тапсырмалар беру, көбейту
және бөлу кестелерін қайталау, сонымен бірге, кестеге кір-
special.edu.kz. special.edu.kz.
мейтін көбейту және бөлу амалдарын қайталау пайдалы.
Оқушылар 1 000 шегіндегі сандарды оқу барысында,
10-ға, 100-ге көбейту және бөлу амалдарымен танысқан
болатын.
Олар дәл осы ережені 10 000 шегіндегі сандарды көбейту
және бөлу кезінде де қолдануы керек.
Нөмірлеуді меңгеру кезінде қарастырылған, 1 000 са-
нын біртаңбалы санға көбейту амалдары қайталанып көр-
сетіледі:
1 000 х 5 = 1 мың. х 5 = 5 мың. = 5 000 1 000 х 5 = 5 000
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті туралы білімді
пайдалана отырып, оқушылар 1 000-ға көбейтудің ережесі
special.edu.kz. special.edu.kz.
туралы қорытынды жасауға бағытталады: 5 х 1 000 = 5 000
1 000-ға бөлу, 10-ға, 100-ге бөлу сияқты мазмұны бойын-
ша бөлу ретінде жақсырақ меңгеріледі. 10-ға, 100-ге, 1 000-ға
бөлу мысалдары жолға жазылады және ауызша шешіледі.
Жауап көбейту амалы арқылы тексеріледі:
8 000 : 100 = 80 80 х 100 = 8 000
Оқушылар 10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейту және бөлу ере-
желерін бір-бірінен ажыратуда қиналуы, нөлдерді қашан
қосып жазу керек, ал қай уақытта алып тастау керек екенін
есіне түсіре алмауы мүмкін екенін мұғалім есінде сақтауы
керек.
special.edu.kz. special.edu.kz.
29