Page 32 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 32

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Бұл әсіресе көбейту кезінде бірінші көбейткіште нөл бол-
           ған кезде орын алады. Мысалы: 420х10.
              Мұндай қателер, әдетте, оқушы мысалдарды өз бетімен
           шешкен кезде болып тұрады.
              Болуы мүмкін қателердің алдын алу және 10-ға, 100-ге,
           1  000-ға  көбейту  және  бөлу  амалдарын  саралаудың  ең
           жақсы  тәсілі:  көбейту  және  бөлу  амалдарын  кезек-кезек
           орындау,  оларды  салыстыру,  жауаптарын  салыстыру
           (көбейту кезінде сан ұлғаяды, ал бөлу кезінде сан азаяды),
           амалдарды  орындаудың  әртүрлі  тәсілдерін  қолдану,  со-
           нымен қатар, амалда көбейту де, бөлу де бар күрделі мы-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           салдарды шешу.
              Біртаңбалы санды көбейту және бөлуді оқуда, алдымен
           разрядтық сандарды көбейту мен бөлу қарастырылады.
              Бұл мысалдар ауызша есептеу тәсілдерімен шешіледі.
           Дөңгелек ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлумен
           ұқсастық жүргізіледі.
              Содан соң мыңдық бірліктер көбейтіледі және бөлінеді:
                    40 ∙ 2 = 80              80 : 2 = 40
                  400 ∙ 2 = 800            800 : 2 = 400
               4 000 ∙ 2 = 8 000        8 000 : 2 = 4 000

              Біртаңбалы санға көбейту мен бөлуді, бөлшектеу және
           разрядтық  бірліктерге  айналдыру  амалдары  қажет  емес
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           жағдайлардан қарастыра бастайды: 2 412 ∙ 4; 6 636 : 3.
              Бұл жағдайларды дайындық жұмыс ретінде қарастыруға
           болады.
              Мысалдарды бағанға жазу кезінде сандардың қалай жа-
           зылатынын қайталайды, әрекеттерді орындау тәртібі егжей-
           тегжейлі түсіндіріледі.
              Содан  соң  разрядпен  өтіп  көбейту  және  бөлу  мысал-
           дарын шешуге көшеді, алдымен бір разрядта, содан соң
           екі, сөйтіп әрі қарай күрделілігін өсіре береді.
                 262       562        2 478
               х
                         х
                                   х
                    3             3               3
                 786       1 686         7 434
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           30
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37