Page 37 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 37
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
боялған екі кесінді беріледі. Оқушылар еркін түзу сызықты
сызады, оның үстінен нүкте белгілейді және циркульдің
көмегімен оны екінші кесіндіге көшіреді, нүктеден – бірінші
кесіндінің соңынан – екінші кесінді жасалады. Кесінділерді
түрлі түсті қарындаштармен кесінділердің түсіне сәйкес
сызады. Құрылған кесінді екі кесіндінің қосындысына тең.
Тексеріс ретінде кесінділерді арифметикалық тәсілмен қо-
суға болады. Қисық сызықтың бейнесі қайталанады. Қисық
(сынық) сызықтың ұзындығын өлшеу бойынша жаттығулар
жүргізіледі. Үшбұрыш, шаршы, тік бұрыш шекаралары тұ-
йықталған қисық сызықтың ерекше жағдайы деп қарасты-
special.edu.kz. special.edu.kz.
рылады.
Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш периметрі деген
ұғым енгізіледі. Периметр P әрпімен белгіленеді. Шаршы,
тіктөрт бұрыш, үшбұрыш периметрлерін есептеу формула-
сы шығарылады: P = 4 a; P = 2 a +2 b; P = a + b + c.
Шеңберді, дөңгелекті берілген радиусы, диаметрі
бойынша сызу тәсілдері қайталанады. Радиус (R) пен
диаметрдің (D) әріптік белгіленуі енгізіледі.
Дөңгелектегі сызықтармен: доға, хордамен таныстыра-
ды. Масштабты оқу барысында дәптерде ұзындығы 1 м,
2 м, 3 м кесіндіні сызу керек болатын жағдай туындайды.
Оқушылар оның мүмкін емес екенін түсінеді. Мұғалім ұзын-
дығы 1 м кесіндінің орнына ұзындығы 1 см кесіндіні, яғни
special.edu.kz. special.edu.kz.
100 есе қысқа етіп сызатындығын айтады. 1 см кесіндінің
көмегімен 1 м (немесе 100 см) кесінді бейнеленеді. Мұндай
жағдайда, сызба масштабы бірден жүзге (1:100) деп
айтылады. Әрі қарай 1:100 масштабында: ұзындығы 5 м,
7 м, 8 м және т.с.с. кесіндіні сызу қажет. Содан соң келесі
масштабтар қарастырылады: М 1:10, 1:2, 1:3 және т.с.с.
Кеңістіктегі орын: көлденең, тік, көлбеу.
Көкжиек туралы ұғым енгізіледі, жазықтықтың көлденең
орналасуы қарастырылады. Бұл үшін мөлдір ыдысқа боял-
ған суды құяды, үстіне бір парақ қағаз, картон қояды.
Ыдысты әртүрлі орналастырады, бірақ оның бетіндегі су
тек қана көлденең күйде болады. 35
special.edu.kz. special.edu.kz.