Page 41 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 41

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Алдымен сомасы дұрыс бөлшек болып шығатындай қо-
           су  және  алу  амалдары  орындалады.  Бәрі  бүтіннің  нақты
           үлестерін пайдалану арқылы түсіндіріледі. Заттармен жұ-
           мыс істеу мысалдарды жазып алумен бірге жүреді. Одан
           кейін қосылғыштар мен қосындысы салыстырылады; алы-
           мының  сомасы  қалай  өзгергені,  ал  бөлімі  сол  қалпында
           қалғаны байқалады. Дәл сол мысалдар арқылы бөлшектерді
           азайту да түсіндіріледі. Қорытынды жасалады: «Бөлімдері
           бірдей жай бөлшектерді қосу (азайту) үшін, олардың алым-
           дарын қосу (азайту) керек, ал бөлімін сол қалпында қал-
           дыру керек».
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Қосындысы 1 болатын бөлшектерді қосқанда және 1-ден
           азайтқанда, аралас санды бүтін санмен ауыстыру керек.
             Санның бір немесе бірнеше бөлшектерін табу «Бөлшек-
           тердің қалыптасуы» тақырыбын қайталағаннан кейін бірден
           оқытылады  және  практикалық  жағдайларда  және  ариф-
           метикалық тапсымаларды орындауда қарастырылады.
                                 Ондық бөлшектер

             6-сыныпта «ондық бөлшектер» ұғымы енгізіледі. Қарас-
           тырылады:  ондық  үлестер  мен  бөлшектерді  құрастыру,
           жазу, ондық үлестер мен бөлшектерді оқу, ондық бөлшек-
           терді салыстыру, ондық бөлшектерді ұсақ, ірі, бірдей үлес-
           пен өрнектеу, шамаларды өлшеу кезінде алынған сандар-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ды  ондық  бөлшектер  түрінде  жазу,  сан  белгілері  бірдей
           ондық бөлшектерді қосу және азайту.
             Оқушылардың ондық бөлшектерді жақсы меңгеруі көбі-
           несе олардың бүтін сандарды, ондық санау жүйесін, мет-
           риклық  жүйенің  ондық  арақатынасын  білуіне  байланыс-
           ты болады. Ондық бөлшектерде енгізу кезінде көрнекілік
           құрал ретінде дециметр, сантиметр, миллиметрге бөлінген
           метр пайдаланылады. 1 дм, 1 см, 1 мм метрдің қандай бөл-
           шегі екені анықталады.
             Бөлімдері 10, 100, 1 000 бөлшектер жазылады. Оқушы-
           ларға мұндай бөлімдері бар бөлшектер ондық бөлшектер
           деп аталатыны айтылады.                                        39
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46