Page 28 - Математика. Әдістемелік құрал. 6-сынып оқылды
P. 28
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сыз». Санда қанша ондық бар екенін білу үшін, ондағы бір-
ліктерді алып тастау керек екенін, ал санда қанша жүздік
бар екенін білу үшін – бірліктер мен ондықтарды, яғни
2 цифраны алып тастау керек екенін оқушылар түсінуі тиіс.
Нөмірлеуді оқып-үйренумен қатар ұзындық және салмақ
шамаларын оқып-үйрену тығыз байланысты. Оқушылар
1 км-де 1000 м, ал 1 кг – 1000 г, ал 1 м – 1000 мм бар екенін
біледі.
Ірі шамалар бірліктерін ұсақ шама бірліктеріне шағып
көрсетуге, содан кейін керісінше ұсақ шамалар бірліктерін
ірі шамалар бірліктерінде көрсетуге арналған жаттығулар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүргізіледі.
Бұл нөмірлеудің бекітілуіне себін тигізеді. Міндетті түрде
дерексіз сандар және шамалар атаулары бар сандар
салыстырылады: 3 кг 850 г және 3 850.
«Нөмірлеу» тақырыбымен 3 847 + 1, 3 848 – 1 түріндегі
мысалдарды шешу тығыз байланысты. Ол натурал сандар
тізбегінің негізгі қасиеті туралы білімге негізделген. Бұл
әрекеттер ауызша орындалады. 2 300 + 30; 2 330 – 30;
4 500 – 500; 3 472 – 2; 2 345 – 45; 6 456 – 456 және т.с.с.
мысалдарды шешу – сандардың қалыптасуы туралы бі-
лімге негізделген және ауызша орындалады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Арифметикалық амалдар
10 000 шегінде қосу және азайту арифметикалық амал-
дарын меңгеру кезінде, ауызша есептеу тәсілдері жоға-
рыда көрсетілген нөмірлеуді білуге негізделген мысалдар-
ды шешуде ғана пайдаланылады.
Барлық қалған жағдайдаларда, қосу және азайту амал-
дары, компоненттерін бағанаға жазып алып, жазбаша
есептеу тәсілдерімен орындалады. Қосу және азайту амал-
дарының негізгі алгоритмі болып разряд бойынша қосу
және азайту болып табылады.
Мысалдарды таңдау кезінде келесі реттілікті сақтаған
жөн:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
26