Page 17 - 1.4
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
алу; он көлеміндегі сандардың кез келгенінен бастап тура
және кері бағытта сандарды реті мен атап шығу; әр санның
қатардағы орнын анықтау; сандарды көрнекілікке немесе
қатардағы орнына қарай салыстыру арқылы үлкен не кіші
екенін, сондай-ақ санның қандай да бір екі санның арасында,
санның алдында және одан кейін орналасқандығын анық-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тау; әрбір жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыс-
тыру; ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды
анықтау және т.б. байланысты практикалық жұмыстар
барысында сәйкес іс-әрекетке оқушыларды жеткілікті
деңгейде машықтандыру көзделеді. Соның нәтижесінде
сандар қатары жайында түсінік қалыптасып, әр санның сол
қатардағы орнын анықтауды оқушылар меңгереді. Одан
кейін оқушыларды 4, 5 сандарымен таныстырып, 5 таяқ-
шадан 1 таяқшаны алып, кері санауды үйретеді. Санның
пайда болу тәсілдері әртүрлі жаттығулар арқылы бекітіледі.
Мысалы: «Партаға 2 жалауша қойыңдар, 5 жалауша болу
үшін енді неше жалауша қоямыз?»
Санның пайда болу амалымен танысқан 0-сынып оқу -
special-edu.kz. special-edu.kz.
шылары алғашында 1 мен 5 сан көлемінде санауды үйренеді.
Ең алдымен мұғалім оқушыларға затты қолына алып, содан
кейін жанына қойып, жылжытып қоюды үйретеді. Содан
кейін оқушылар әр затқа саусағын тигізіп санайды, сонан соң
затты көрсетіп санайды. Осын дай жаттығулардың бәрінде
оқушылар дауыстап са найды.
Заттарды бірнеше рет санап шықаннан кейін мұғалім
«Қанша?» деген сұрақты қойып отырады. Мысалы: «Үстел-
де қанша дәптер жатыр? Сана.» Оқушы санап шыққан соң,
мұғалім тағы да сұрақтар қояды: «Үстелде қанша дәптер
жатыр екен? Үстелде 3 дәптер жатыр ма?»
Алдымен санауға бірдей заттар алынады. Содан соң
бірыңғай, бірақ түсі, өлшемі, жасалған материалы әртүрлі
special-edu.kz. special-edu.kz.
заттар алынады. Мысалы, әр түсті қарындаштар, ұзын
және қысқа таяқшалар. Содан кейін ғана әртекті, әртүрлі
заттар алынады. Мысалы, әр түрлі ойыншықтар, жемістер,
ыдыстар. Заттарды солдан оңға қарай ғана санамай, оң-
нан солға, жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай
15