Page 22 - 1.4
P. 22
special-edu.kz.
көрсету: special-edu.kz.
а) Сөзбен ата: 3, 5, 7, 8.
ә) Цифрмен (таңба) жаз: алты, үш, тоғыз. Кейбір жат-
тығулар математикалық домино мен лото сияқты ойындар
түрінде де жүргізіледі.
Нөмірлеуді бекітуге қатысты мектеп тәжірибесінде өте
special-edu.kz. special-edu.kz.
қарапайым жұмыстар қарастырылады. Олар тікбұрышты
жолақтан жасалған және көлденеңінен бірдей он бөлікке
бөлінген. Астыңғы бөлігіне барлық бірден онға дейінгі
сандар бейнеленген. Балалар жоғарғы жағын бүктеуге
болатындай етіп жасалған осы көрнекілікті санау арқы лы
санның қорытындысын шығарады.
Он көлеміндегі сандар көлемі жағынан бір-бірімен
байланысты болады. Алғашқы ондықты оқытудағы алғашқы
тапсырманың бірі балаларға кез келген санның бір-бірімен
байланысын оқытуға арналған. Мысалы, үлкен сан, кіші сан,
бірдей сандар.
Он көлеміндегі санды меңгеру үшін оқушылармен көп-
теген жаттығуларды орындау керек:
special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Мұғалім сандардың қатар құрамын тікелей және
кері қатарда көрсетілген заттардың (жалауша, таяқша
және т.б.) көмегімен көрсетеді. Оқушы бір затта бір санын
қояды. Мұғалім тағы бір затты қояды. Балалар бір санының
оң жағына екі санын қояды. Осылай сандар қатары азаю
ретімен қайталанады. Бір жағдайда сандар цифрмен жазы-
лады, бір жағдайда сөздермен, тақтаға шақырылған оқу-
шылармен арнайы жұмыс жүргізіледі.
2. Жетпей қалған сандар орнын толтыру. Тақтаға сан-
дардың қатары жазылады. Мысалы, 1, … , 3, … , 5, 6, 7.
Оқушыларға сандар қатарын жазуды тапсырады. Түсіп
қалған сандарды орнына қоюды тапсырады. Егер де
балалар әлі кейбір сандарды жаза алмайтын болса, онда
special-edu.kz. special-edu.kz.
кесілген цифрлар қолданылады.
3. Санның атауы. Тақтада сан жазылады. Оқушылардан
одан үлкен немесе кіші санды атауын өтінеді.
4. Сандарды өсу немесе кему қатарымен орналастыру.
Тақтада мынадай сандар жазылған болсын: 3, 5, 8, 9, 7.
20