Page 23 - 1.4
P. 23

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           Мұғалім  оқушыларға  ең  кішкентай  санды  табуды,  одан
           кейін үлкендеуін, одан кейін одан да үлкенін, тағы үлкенін
           қатарымен жазуды өтінеді. Бұл жаттығуды ойын есебінде
           «тірі сандар» орындайды. Бұл ойын былай өтеді. Бірнеше
           оқушы  тақтаға  шақырылып,  олардың  әрқайсысының
           қолдарына  сан  ұстатады,  одан  кейін  балаларды  сан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бойынша қатарға тұрғызады.
             Сандардың құрамын білуге онға дейінгі есеп пен жүзге
           дейінгі есептеулер негіз бола алады. Оқушылар 2, 3, 4, 5
           сандарының  құрамымен,  оларды  оқу  кезінде  танысады.
           Оқушылар заттық-тәжірибелік сабақтарда заттық сандық
           бөлулерімен танысады. Материалдармен жұмыс барысын-
           да  олар  топтасқан  көптіктерді  бірнеше  топтарға  бөлуге
           болатынына көз жеткізеді. Мысалы, 6 затты 6 топқа бөлуге
           болатынын (алты қорап ермексазды біреуден) алты зат-
           ты  үш  топқа  бөлуге  болатынын  (алты  парақ  қағазды
           екеуден). Осы сабақта балалар, керісінше, жеке заттарды
           топтастырумен де танысады. Мысалы, жеке гүлдерді топ-
           тастырып «құмырадағы гүл» атты жапсырмақұрақты жасауға
           болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             10 көлемінде сандарды қосып, алуды оқыту бойынша
           оқушыларда  қосу  мен  алу  туралы  түсініктер  көбінесе
           заттарды көрсетіп түсіндіру арқылы қалыптасады. Мек тепке
           келгеннен қосу мен алу түсініктері балаларға ма те матика
           сабақтары арқылы түсіндіріледі.
             Мысалы, а) «Айнұр, 3 алма ал, Розаға 1 алма бер. Сенде
           қанша алма қалды?»
             ә) «3 шыршаның суретін сал. Тағы 1 шыршаның суретін
           сал. Барлығы қанша шырша болды?»
             б) «2 алмұрттың мүсінін жаса. Тағы 1 алмұрттың мү сінін
           жаса. Барлығы қанша алмұрт болды?»
             Іздеген  санды  заттарды  санау  арқылы  табамыз.  Бір-
           неше сабақтан соң қосу мен алуды қолданамыз. Қосуды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           үйренген кезде  балаларға  уақытша  саусақтарды  пайда-
           лануға  болады.  Қосу,  алумен  жұмыс  істеу  алғашқы  бес
           санды  меңгерген  соң  қаралады.  Бірінші  қосуды  үй рету
           қажет. Мысалы: Тақтада 3 шеңбер және тағы да 1 шеңбер
           ілінеді. Олардың үстіндегі қима қағазға 3 және 1 цифрлары

                                                                          21
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28