Page 19 - 1.4
P. 19

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Мысалы, Аулада неше гүл өсіп тұр? Көзіңді жұм. Мұға-
           лім екі гүлді алып қояды. Көзіңді аш. Аулада енді неше гүл
           қалды? Неше гүлді үзіп алдым? Ал тексерейік. Гүл саны
           5 болу үшін неше гүл қоясың? Неше гүл қойдың?
             Осылайша  суреттерді,  заттарды  пайдаланып  5-тен-
           10-ға  дейінгі  сандарды,  сан  құрамына  білгеннен  кейін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жұмыс дәптерлерінде берілген тапсырмаларды қосу және
           азайту  амалдарына  өрнектер  шығара  бастайды  (бала
           таяқшаларды, саусақтарын пайдаланады).
             Жоғарыда қарастырылған бағыттардағы білім маз  мұнын
           оқытып-үйрету барысында әр сабақта прак ти  ка лық жұмыс
           арнайы  дәптерде  орындалады.  Сон да  игеріліп  жатқан
           білім  тиянақтала  және  бекі тіле  түседі.  Сонымен  бірге
           практикалық білік пен дағды лар қалып тастырылады, яғни
           цифрларды жазуды үйре неді, амал дарды және қатынас
           таңбаларын жазуға машық танады, өрнектерді жазуға дағ-
           дыланады.
             Жалпы  алғанда,  жазу  дағдысы  мен  қарқынының  қа-
           лып тасуы  дәптерде  орындалатын  жұмыстың  көлемі  бо-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           й ын ша және оның жүйелі түрде жүргізілуіне байла ныс ты
           анықталады.  Оқушылардың  цифрларды  жазып  оты рып
           цифрды  атап  отырғаны  жөн  болады  және  цифр ға
           байланысты жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орын дату
           қажет. Со нымен қатар, сан мен цифрдың байланасын түсініп
           ұғыну үшін мынандай жаттығу түрлерін жүр гізу қажет.
             1. Берілген заттар санына сәйкес цифрды табу.
             «Айболда 3 мәшине бар. Айболда неше мәшине бар
           екенін  цифрмен  көрсетіңдер.  Тексерейік.  Айболдың
           мәшинелерін бәріміз санайық, 3 цифрын көрсетейік».
             2. Берілген цифрға сәйкес санды заттар іріктеу. Қоян
           қандай цифрды көрсетіп тұр? Қоян сәбіз сұрап тұр. Ол неше
           сәбіз сұрап тұр? Қоянға 2 сәбіз берейік.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. «Керекті суретті тап» ойыны. Оқушыларға суреттер
           мен цифрлар беріледі. Оқушылар берілген цифрға сәйкес
           санды заттар салынған суреттен табулары керек. Одан кейін
           әр суретке сәйкес цифрды қояды.
             4. «Үлкен тәрелкеден кішкентай тәрелкеге 4 өрік сал.

                                                                          17
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24