Page 24 - 1.4
P. 24
special-edu.kz.
жазылады. special-edu.kz.
3 (үш) + (қосу) 2 (екі) = (тең) 5 (бес)
4 (төрт) – (азайту) 3 (үш) = (тең) 1 (бір) деген мысалдар
сол сандармен танысқан күннен қолданылады.
6, 7, 8, 9 сандарын оқытқанда, қосу мен азайту амалдары
осы сандар көлемінде орындалады, мысалдар күрделі
special-edu.kz. 1 + 0 = 1 special-edu.kz.
емес болуы керек. Алғашқы 1-2 сандарды оқыт қаннан кейін
0 санымен таныстырады. Ол үшін құрамында 0 саны бар
мысалдар келтіреміз:
0 + 1 = 1
Теңдіктерді ауызша оқытамыз. Мысалдар мұғалімнің
көмегімен орындалады, одан әрі қосу мен азайту амалдарын
кезектестіре шығартып, он көлеміндегі сандарды қосып,
азайтуды толық меңгертуіміз керек, бұл 100 көлеміндегі
сандарды меңгертудің алғашқы сатысы болып табылады.
Балалардың қосу және алу туралы түсініктерін тексеру
үшін мынадай жаттығуларды алуға болады:
1. Мысалдарды заттардың көмегімен шығару: мұғалім
2 алманы көрсетіп, балалардан сұрау арқылы, олардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
қанша екенін анықтайды, сөйтіп, оны себетке салады, содан
кейін тағы бір алманы алып, қанша екеніне жауап алған
соң, оны да себетке салады, енді осы мысалға оқушылар
мұғалімнің көмегімен теңдеу құрып шығарады. 2 + 1 = 3.
Осындай жаттығуды орындауға жылжымалы суреттер қажет
болады. Мысалы, аквариум, ағаштағы құстар, вазадағы
жеміс суреттері.
2. Салыстырмалы жағдайды мысалдар келтіріп түсін-
діруге болады. Мысалы, тәрелкеде 5 алма бар еді, Дархан
2 алманы алды, тәрелкеде неше алма қалды? Немесе
тәрелкедегі алмадан Айдос 2 алма алды, Айнұр 1 алма
алды. Айдос пен Айнұр барлығы неше алма алды? Бұл
мысалдар арқылы балаларда «алды» дегеннің, яғни алу
special-edu.kz. special-edu.kz.
амалы, «салды» дегеннің қосу амалы екені туралы ариф-
метикалық ұғымдар қалыптасады.
3. Суретке қарап мысалдар құрастыру. Бұл жағдайда да
тапсырмалар мұғалімнің көмегімен орындалады. Мысалы,
22