Page 25 - 1.4
P. 25
special-edu.kz.
special-edu.kz.
баланың тәрелкеден 2 алма алғаны туралы болса: үстелдің
суреті, оның үстіндегі алма салынған тәрелке және баланың
суреті салынады, содан кейін суретті бояйды, ол біраз
уақытты алатыны сонша, бала алғашқы тапсырманы ұмытып
та кетеді. Тәрелкедегі 5 алманың суретін салып, 2 алманың
суретін сызып тастаймыз да, қолында 3 алмасы бар баланың
special-edu.kz. special-edu.kz.
суретін салдырамыз, бұдан: «5 алмадан 2 алманы алғанда,
қанша алма қалды?» деген мысал шығады.
4. Бұдан әрі қосу мен азайту белгісіз санды табуды
үйретумен жалғасады. Тапсырмалар дидактикалық заттар
арқылы орындалады. Мұғалім 2 қызыл шеңбер,1 көк
шеңберді көрсетіп: «Қанша қызыл, қанша көк шеңбер бар?»
– деп сұрайды, тақтаға 2 + 1 = 3 деп жазып қояды, сонан соң
2 қызыл шеңберді жауып, □ + 1 = 3 деп жазады, сонан соң
жасырған санды қанша екенін оқушылардан сұрап анықтап,
бос тор көзге жазады. 2 + □ = 3, □ + 1 = 3 деген мысалдар
да осындай көрнекілікпен түсіндіріле ді. Белгісіз санды табуға
арналған жұмыстарға тоқталып өтейік. Оқушыға «Суретін
сал», «Мысалды шығар» деген тапсырмалар беріледі.
Оқушы суретті салу арқылы іздеген санын оңай табады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Осындай жаттығуларды орындау арқылы оқушылар белгісіз
санды табуға үй ренеді. Мысалы, 6 + □ = 7 мысалын шығару
керек. Мұ ға лім белгісіз санды көрнекі құралды пайдаланып
шы ғаруды ұсынады. Тақтаға 6 қызыл шеңбер және 1 көк
шеңбердің суретін сызып, 6 + 1 = 7 мысалын шығарамыз.
Мұнан кейін дайындық жаттығулары орындалады. Бұл
жағдайда балалардан белгісіз санды табуда ауызша
түсінікті талап етпей-ақ, белгісіз санды тапқызамыз. Көрнекі
құралдарды пайдаланудағы мақсатымыз – 5, 6, 7, 8, 9
сандарын алуды қиындықсыз меңгерту. Оқушылар «суретін
сал», «сана», «қанша болды?» деген тапсырмалардың
көмегімен іздеген санын табады. Бұл жаттығуларды
тиянақтау үшін математика жұмыс дәптерін пайдаланған
special-edu.kz. special-edu.kz.
жөн.
Балаларға азайту амалдары да алғашқы 10 санды өту
барысында меңгертіледі. Алғашында қосу мен азайту
амалдары заттарды пайдалану арқылы түсіндіріліп жүр се,
енді балалар 0-10 аралығындағы сандарды толық мең-
23