Page 26 - 1.4
P. 26
special-edu.kz.
special-edu.kz.
геріп, сандармен жұмыс істейді, ал заттарды теңдіктерді
тексеру үшін мысал ретінде пайдаланады. Бағдарламада
оқушыларға қосу мен азайту:
1. Жеке сандарды қосу және азайту.
2. 2 және 3 сандарды қосу.
3. Қосу мен азайту тізбектеліп келіп, бірнеше сабақтар
special-edu.kz. special-edu.kz.
бойы түсіндіріледі.
Әр сабақтың басындағы 7-8 минут ауызша қосу, азай-
туға арналып, мысалдар шығарылып отырылуы керек, өз
беттерінше дәптерге немесе қима қағаздарға мысалдар
беріп шығарту керек. Мысалы, қатарымен бірінің астына бірі:
1 + 1 =
2 + 1 =
3 + 1 =
... сандары жазылып, соның әрқайсысына 1 санын қосу
керек. 2 санын қосу, азайтуда 1 санын қосу, азайту сияқты
болып түсіндіріледі. Мысалы,
special-edu.kz. special-edu.kz.
1 + 2 = 3 – 2 =
2 + 2 = 4 – 2 =
3 + 2 = 5 – 2 =
1 санын қосу мен азайту сияқты 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8
сандарында қосу мен азайту бөлінбей, қатар меңгеріледі.
Әрі қарай 6-ға дейін сана, сонан соң 6-дан әрі қарай сана
5 + 1, 6 – 1 деп, салыстырмалы мысалдар шығару арқылы
тақырыпты жылдам меңгертеміз.
4 + 1, 5 – 1 мысалдарын шығарғанда, балалар өздеріне
таныс тәсілмен, саусақпен санап шығарады, бірінші 4
саусағын санап, оған 1 саусағын қосып, басынан бастап
special-edu.kz. special-edu.kz.
қайта санайды.
Мысалдар дидактикалық материалдарсыз, ауызша қо-
сылып, азайтылады. Әртүрлі мысалдарды орындаудың
нәтижесі бойынша оқушылар қосу мен азайтудың 7 түрлі
жағдайларын естерінде сақтайды.
24