Page 20 - 1.4
P. 20
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Неше өрік салдың? Цифрды жаз» т.с.с.
Сандармен танысқан кезде сандар баспалдағымен жұмыс
жүргізіледі.
Баспалдақтың бірінші сатысы 1 санымен белгіленеді,
екінші саты 2 санымен, үшінші саты 3 санымен белгіленеді.
Оқушылар баспалдақпен «көтеріліп», «түсіп» санайды.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Одан кейін санның сандар қатарындағы орны анықталады.
Мысалы, 5 цифры 4 цифрынан кейін тұра ды, өйткені санаған
кезде 5 саны 4 санынан кейін келеді. Оқушылар 4 саны
3 санынан кейін 5 санының алдында тұратынын білулері
қажет.
Балалар санның «көршілерін» атайды. Мысалы, 4 са-
нының «көршілері» 3 пен 5 сандары; 3 пен 5 санда рының
ортасында 4 саны тұрады. Бұл кезеңде сандарды заттар
топтары арқылы көрсеткені дұрыс. Содан кейін ауызша айту
бойынша тапсырмалар орындалады. Мысалы: «Сандарды
ретімен 1 ден 10-ға дейін жаз; 10-нан 1-ге дейін жаз.
Жазылмаған цифрларды жаз, санның «көршілерін ата» ...
3 ... 5 ...7...9 т.с.с.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Натуралды сандар қатарының пайда болуына байла-
нысты мынадай жаттығуларды қараймыз:
1. Тапсырма: «Алмас, екі алма ал. Асан, сен де сонша
алма ал. Тағы бір алма ал. Қанша? Кімде алма көп? Немесе
кімде алма аз?»
2. Алдыңғы және артқы сандарды атау. а) Тақтаға
мұғалім 5 санын жазып, балалардан сол санның көр ші-
лерін атауды сұрайды. Бағдарлама бойынша 6, 7, 8, 9, 10
сандары 0-сыныбында оқытылады. Әрбір сан жүйелі түрде
оқытылады.
Бұл кездегі оқыту мақсаты – санның пайда болу жолымен
таныстыруды жалғастыру (алдағы өткен санға бірді қосу
амалымен) санды атау, цифрмен белгілеу, цифрды жазуды
special-edu.kz. special-edu.kz.
үйрету, сан мен цифр туралы түсінікті анықтау, заттар
топтарын санауға үйрету, сан қатарындағы санның орнын
анықтау, есептік және реттік сандар туралы түсінік беру,
тура және кері санауға жаттықтыру. Мысалы, 6 санымен
таныстырған кездегі мұғалімнің түсіндірмесі: «Партаға
18