Page 18 - 1.4
P. 18

special-edu.kz.


          санаған жөн.                     special-edu.kz.
            Кері санау оқушыларға қиын болғандықтан, кері санауды
          заттарды қолға алып жылжытып қойғаннан бастаған жөн.
          Мысалы:  «Түймелерді  санайық».  Бала  санап  шығып:
          «Барлығы 5 түйме», – деп жауап береді.
            Мұғалім: «1 түймені қорапқа салайық. 4 түйме қал ды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Тағы да 1 түймені қорапқа салайық. 3 түйме қал ды. Тағы да
          1 түй мені қорапқа салайық. 2 түйме қалды», – деп көрсетеді.
          Содан  кейін  ғана  есепшотпен,  таяқшалармен  және  өз
          бетінше санайды.
            Сұрақтарға жауап бере отырып санау: 1-ші қатарда қанша
          оқушы отырады? Әр балаға 1 дәптерден беру керек. Неше
          дәптер алуымыз керек?
            «Дана,  4  дәптер  санап  ал».  «Айман,  маған  қораптан
          2  қарындаш  алып  берші».  Осымен  қатар  басқа  да
          тапсырмалар беруге болады: қол шапалақтау, секіру, допты
          жерге  соғу;  таяқ шалар,  жалаушалар,  сурет  салу,  бояу,
          ермексаздан заттар (жеміс, ойындар) жасау.
            Оқушыларға 1-ден бастап қана емес, кез келген саннан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          берілген санға дейін санауды үйрету қажет. Мыса лы, «3-тен
          5-ке дейін сана», «3-тен 1-ге дейін сана».
            Әр санды өткен сайын оқушыларға реттік сандар туралы
          да түсінік беріліп отырады. Олар: «Нешінші?» деген сұраққа
          жауап беруді үйренеді.
            Мысалы: «Айдос нешінші қатарда отыр? Айша нешін ші
          болып сапта тұр?»
            5-ке дейін санауды үйреткен кезде әртүрлі жаттығулар
          пайдаланылады. Мысалы, суреттер бойынша.
            1. «Көлде неше қаз жүзіп жүр? Бір қаз судан шығып кетті.
          Суда неше қаз қалды? Олар көп пе әлде аз ба?»
            2. «Тәрелкеде неше өрік жатыр? Сана. Тәрелкедегі өрік 5
          болуы үшін не істеу керек? Сен не істедің?» «1 өрік қостым».
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          «Өрік көп пе, әлде аз ба?»
            2-5 сандарын оқыту барысында ең маңыздысы – сандар-
          дың  құрамын  қарастыру,  үйрету.  Балалар  бірнеше  рет
          сандарды  топтарға  бөліп,  сан  құрамын  ажырата  білуге
          үйренуі қажет.

          16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23