Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы

  • 18.09.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 300

1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін арнайы мектепте оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері» атты білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының арнайы мектептерінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін беріп отырған педагог мамандарды оқыту үдерісін реттейді.

2. Қазақстан Республикасының Арнайы мектептерінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін түрлі аудиторияда оқытып отырған педагог кадрлардың кәсіби қызметін атқару барысында кездесетін қиындықтары мен қазіргі уақыттағы қажеттіліктерін зерделеп, талдау нәтижесінде дайындалып әрі мамандардың өз әлеуетін көтеру, құзыреттіліктерін дамыту, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленген педагогикалық кадрлардың біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары өте өзекті болғандықтан көптеген көкейкесті мәселелерді қамтуда. 

3. Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларына сәйкес дайындалып, ұсынылуда.

4. Курстық оқытудың ұзақтығы бағдарлама тақырыбы мен мазмұнына сәйкес 72 академиялық сағатты құрайды.

Толығырақ