«0-1 сыныптағы көру қабілеті терең зақымдалған оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру»

  • 21.11.2019
  • ННПЦ РСИО
  • 438

Абаева Г.А., Жангельдина И.Т. «0-1 сыныптағы көру қабілеті терең зақымдалған оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру»
Әдістемелік нұсқау – Алматы: ТК ҰҒПО, 2015. – 52с.
 
ISBN 978-601-7131-24-1
Әдістемелік ұсыныстарда 0,1 сыныптағы көруінде терең бұзылыстары бар балалардың сөйлеуінің байланыстылығын дамыту технологиясы ұсынылған. Технология көруінде бұзылыстары бар балалардың тілдік дамуының барлық – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қырларын дамытуды қамтитын, өзара байланысқан міндеттерді шешуге және соның негізінде байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға бағытталған кешенді тұғыр негізінде құрастырылған. Ауызекі байланыстырып сөйлеуді дамытуда, көрмейтін және нашар көретін балалардың сезімдік тәжірибесін байыту, мәтіннің құрылымы туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөйлем арасында байланыстың алуан түрлі құралдарын қолдану біліктілігін үйрету, қажетті лексикалық құралдарды семантикалық іріктеу, оларды дұрыс безендіру алынады. 
Аталған технологияны көруінде бұзылыстары бар балаларды оқу-тәрбие үдерісінде, оқу бағдарламаларын құрастыруда қолдануға болады.
Басылым арнайы педагогика және психология саласындағы мамандарға, әлеуметтік қызметкерлерге, көруінде терең бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына арналған.