«Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
     2019 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі психологтарға арналған «Қазақстан Республикасында АСБ бар балаларға көмек көрсетудің тиімді технологиялары мен бағдарламаларын ендіру» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
     Курстың мақсаты: педагог-психологтардың аутизм спектрінде бұзылуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзетушілік көмек көрсету біліктілігі бойынша заманауи технологиялары мен үздік оқу-түзету тәжірибесі негізінде кәсіби дамуы.
Міндеттері: 
• АСБ бар баланың психикалық, соматикалық және әлеуметтік ортасын диагностикалау, емдеу және ерік – жігер ортасын түзетудің, жеке даму бағдарламасын стратегиялық жоспарлау біліктіліктерді қалыптастыру;
• аутистикалық спектрінде ауытқуы бар балалармен, олардың ата-анасымен  жүргізілетін түзету жұмысының заманауи және тиімді тәсілдемелерімен, әдістерімен, формаларымен таныстыру; 
• ABA – терапиясының, PECS, TEACCH-терапияның,  сенсорлы – кіріктіру жүйесінің, коммуникацияның альтернативті жүйесінің әдістерін   қолданудың тәжірибелік қабілеттілігін қалыптастыру.
Оқыту барысында курс қатысушылары Баланың онтогенездегі психикалық-эмоционалдық дамуына, Аутистік спектрі бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездемелеріне,  АСБ  бар балаларды білім ұйымдарына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қатысты мәселелерді қарастырады, оңалту орталығында және ППТК жағдайында АСБ бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың технологияларын қолдануды үйренеді. 
Өту орны:  ММ «ТП ҰҒПО» Алматы қаласы.
Іс-шараның координаторы: Бағдарлама-222 «Арнайы білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру».

Опросы

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Результаты

Наш адрес

050008, Республика Казахстан,
г. Алматы,
ул. Байзакова 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz