«Социальная и коррекционно-педагогическая работа с детьми раннего возраста с задержкой психомоторного развития»

  • 19.11.2018
  • ННПЦ РСИО
  • 1302

(Составитель Ерсарина А.К., 2017 г.)

Актуальность разработанных методических рекомендаций обусловлена необходимостью внедрения раннего вмешательства как наиболее эффективной в плане реабилитации социально-педагогической технологии. В рекомендациях представлены современные подходы в оказании помощи детям раннего возраста – групповые формы работы с ребенком и его семьей. Эффективность групповой работы с ребенком и родителями обусловлена нацеленностью на нормализацию жизни ребенка и семьи: максимальное возможному их участию в повседневной жизни, различной видах социальной активности через опору на сильные стороны, ресурсы и возможности ребенка и семьи с активным привлечением родителей в развитие и обучение своего ребенка.

В методических рекомендациях представлена экспериментальная программа проведения групповых занятий для детей раннего возраста с задержкой психомоторного развития (синдромом Дауна). Изложены различные модели групповой работы, основные принципы, методы, цели, задачи и содержание программы групповых занятий.

В Казахстане групповые формы работы с детьми раннего возраста с активным привлечением родительского потенциала в государственных организациях еще практически не используются. Данные методические рекомендации могут служить средством повышения квалификации для психологов, педагогов-дефектологов, логопедов, социальных педагогов реабилитационных центров и кабинетов психолого-педагогической коррекции, оказывающих помощь детям раннего возраста.

«Психомоторлы дамуы тежелген ерте жастағы балалармен әлеуметтік және

түзете-педагогикалық жұмыс» атты әдістемелік нұсқаулықтың аннотациясы

(Құрастырушы Ерсарина А.К., 2017 ж.)

Әзірленген әдістемелік нұсқаулықтың өзектілігі ең тиімді болып табылатын ерте жастан кірігу сияқты әлеуметтік-педагогикалық технологияны жүзеге асыру қажеттілігіне негізделген. Нұсқаулықта ерте жастағы балаларға дер кезінде көмек көрсетудің замануи тәсілдері – бала және оның отбасымен жұмыс жасаудың топтық формалары ұсынылған. Бала және оның ата-анасымен топтық жұмыс жасаудың тиімділігі бала мен оның отбасын қалыпқа келтіруге бағытталған: олардың күнделікті өмірге барынша қатысып, күшті жақтарына сүйене отырып әлеуметтік белсенділіктерін жан-жақты көрсету, баланың мүмкіндіктері мен әлеуетін дамыта отыра, ата-аналарды өз баласын оқыту және дамыту ісіне барынша белсенді түрде тарту.

Әдістемелік нұсқаулықта психомоторлы дамуы тежелген ерте жастағы балаларға (Даун синдромы бар) арналған топтық сабақтарды жүргізудің тәжірибелік бағдарламасы ұсынылған. Топтық жұмыстың әртүрлі үлгілері, негізгі қағидалары, әдістері, мақсаттары, топтық сабақтар бағдарламасының міндеттері мен мазмұны берілген.

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдарда ата-ана әлеуетін белсенді түрде қолдану арқылы ерте жастағы балалармен жұмыс жасаудың топтық формасы әзірше қолданылмайды. Аталмыш әдістемелік нұсқаулық ерте жастағы балаларға көмек көрсететін оңалту орталықтары және психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінің психологтары, педагог-дефектологтары, логопедтері, әлеуметтік педагогтарының біліктілікті арттыру құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.