Министр просвещения РК Гани Бейсембаев поздравил казахстанцев с Днём Победы
Құрметті әріптестер, ұстаздар қауымы! Қадірменді қазақстандықтар!
Баршаңызды жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — бейбіт күн мен жарқын болашақ үшін отанын қорғауда жанын қиған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейтін мереке.
Қазақстан халқы қиын-қыстау кезеңде батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Майдан даласында ерлікпен шайқасып, тылда тер төккен еңбеккерлер де жеңісті жақындатты.
Біз ел қорғаған аға буын, бүгінгі соғыс ардагерлерінің табандылығы мен ерлігі алдында бас иіп тағзым етеміз.
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық, бірлік болсын!