Тасжурекова Ж.Т., Ибатова Г.Б., Оспанова А.С. «Бала тілі-бал. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі», 2021 ж.

  • 24.04.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 422

«Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасуы» тақырыбы бойынша жүргізілген ғылыми ізденістері  кезінде жинақталған  «Бала тілі -бал» сөздігіне арналады. 

Бұл сөздік балалардың сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениетін, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын, байланыстырып сөйлеу жағдайын анықтауға мүмкіндік  беретін құрал. 

Берілген сөздікте  бала тіліндегі  200-ден астам мысалдарды қамтыған және әр түрлі бағыттар бойынша топтастырылған. Мысалдардың басым көпшілігі бұрын-соңды ешқандай баспада жарияланбаған. Бала өміріндегі әр түрлі іс-әрекеттер  диалог түрінде берілген. Тілі жеңіл, түсінікті жазылған. 

Зертхана қызметкерлерінің еңбегімен жинақталған бала тіліндегі мысалдар  деректер қорынан ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтор көздерінен алынған материалдарды да  қамтыған.  «Бала тілі» картотекасының негізін 2019-2021 жылдар ішінде жинақталған материалдар құрайды. 

  Бұл сөздік балалардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтау  мен қателіктердің алдын-алуға және түзетудің озық әдістерін құрастыру үшін де маңызды болмақ. 

Бастапқы деректер қорының көлемі  бала тілі  қолданысындағы сөзжасамдық модельдерді анықтауға, әртүрлі балалардың лингвистикалық әлеуетінің өсу деңгейін сипаттауға, ана тілін меңгеруде түрлі стратегияларды  қолдануын бақылауға, сондай-ақ осы стратегияларды жүзеге асырудың заманауи әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Аталмыш сөздіктегі деректер практикалық қызметкерлерге, студенттерге, магистранттарға қалыпты және патологиялық жағдайдағы балалардың сөйлеу тілін түзете-дамыту мәселесін салыстыра зерттеу үшін   құнды мәліметтер  болып саналады. 

  Сондай-ақ педагогикалық мекемелердің әдіскерлері мен тәрбиешілері, психологтары мен ата-аналары, баланың сөйлеу тілінің белсенділігіне мүдделі барлық тұлғаларға  пайдалы болмақ.