Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары

  • 12.04.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 1445

Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес әзірленген.

Біліктілікті көтеру курстарының білім беру бағдарламаларында курстың тақырыбы және оқыту тілі, тыңдаушылардың категориясы, оқуды ұйымдастырудың нысандары, соның ішінде қашықтықтан (онлайн) оқыту көрсетілген, бағдарламаларда курстың әр модульдің, бөлімнің қысқаша мазмұны ұсынылған. Бағдарлама құрылымына келесі компоненттерді қамтиды:

1) жалпы ережелер;

2) глоссарий;

3) бағдарламаның тақырыбы;

4) бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;

5) бағдарламаның құрылымы мен мазмұны;

6) оқу үдерісін ұйымдастыру;

7) бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

8) оқыту нәтижелерін бағалау;

9) курстан кейінгі қолдау;

10) негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

 

Біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы сұранысқа ие және Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім беру теориясы мен практикасының көптеген өзекті мәселелерін қамтиды. Біліктілікті арттыру курстарының мазмұнының бағыттары «АИБД ҰҒПО» РММ-нің ғылыми-зерттеу бөлімінде әзірленген және тексерілген материалдар негізінде, сонымен қатар аймақтардың сұраныстарын ескере отырып анықталады. Біліктілікті арттыру курстарының тақырыптары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мен тәрбиелеу мазмұны сапасына қойылатын заманауи талаптардан туындайды.

Бағдарламаның мазмұны курстың тақырыбы бойынша ағымдағы жағдайды талдауды, арнайы және инклюзивті білім берудің заңнамалық, нормативтік-құқықтық базасын талдауды, түзету педагогикалық жұмысының қазіргі заманғы тәсілдерді, технологияларды, әдістері мен тәсілдерін қарастыру мен зерделеуді қамтиды, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін практиктердің өзара әрекеттесуі және өзін-өзі дамыту жолдарын қарастырады.

Барлық білім беру бағдарламалары ҚР БҒМ Мектепке дейінгі жіне орта білім комитетінің Сараптамалық кеңесінің сараптамасынан өтті (Хаттама №12, 17 қараша 2020 ж.), «АИБД ҰҒПО» РММ директорының 2020 жылғы 26 қарашасындағы № 77 бұйрығымен бекітілді.