Диагностикалық-консультациялық бөлім қызметінің мазмұны

  • 24.09.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 501

1) Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды кешенді тексеру және консультация беру бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу және сынақтан өткізу;
 
 2) 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру:
 
- әзірленген зерттеу бағдарламаларын сынақтан өткізу, жаңа әдістер мен технологияларды енгізу;
- АИБД ҰҒПО-ның оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінде дамытушы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге көрсеткіштер белгілеу;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұратуы бойынша өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда тексеруден өткен балалардың психикалық-дене дамуын сараптамалық бағалауды қамтиды;
3) Білім беру бағдарламасының түрін; білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларында ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау;
 
4) Тексеру нәтижелері бойынша ата-аналарға кеңес беру. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға, мұғалімдерге, білім беру ұйымдарының мамандарына консультациялық көмек көрсету мақсатында ұсынымдар әзірлеу;
 
5) Қазақстан Республикасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы, олардың білім беру қызметтеріне қажеттіліктері туралы жиынтық статистикалық есептілікті қалыптастыру; Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар туралы есепке алу туралы талдамалық анықтама жасау;
 
6) Облыстық, қалалық және аудандық ПМПК әдістемелік көмек көрсету, ПМПК мамандарының біліктілігін арттыру;
 
7) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (әдістемелік ұсынымдар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға диагностика жасау және консультация беру жөніндегі анықтамалық нұсқаулар әзірлеу);
 
8) Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары;
 
9) Жалпы және арнайы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен және ұйымдарымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтау, әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты және қызметті үйлестіру.