Дактиль (грек тілінен «dactylos» – «саусақ») – қол саусақтарының белгілі бір қалыпқа келтірілуі арқылы әліпби әріптерін бейнелеу жүйесі.
Дактильді әліпбилер орындалу тәсіліне қарай бірқолды және екіқолды жүйелерге жіктеледі. Бірқолды жүйелерге америкалық, ресейлік және қазақ дактильді жүйелері жатады. Британдық жүйе екіқолды жүйелердің үлгісі болып есептеледі. Әрбір дактильді жүйеде әліпбидің әр әрпі бірегей саусақ конфигурациясына ие болады.