Баспа ісі, полиграфиялық қызметтер және техникалық қолдау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) – Орталықтың жұмысын баспамен, полиграфиялық және техникалық қызметтермен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім.
Бөлім Орталықтың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік, баспа ісі және техникалық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Сонымен қатар ол арнайы білім беру және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласындағы ғылыми-әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеу мен тарату жұмыстарын да атқарады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- Орталықтың «Арнайы педагогика», «Инклюзивті және арнайы білім беру хабаршысы» тәрізді басылымдарын редакциялау, беттеу және шығару, сондай-ақ электрондық өнімдерін дайындау жұмыстарын қамтитын баспа қызметі;
- әдістемелік, ғылыми, ақпараттық және жарнамалық материалдарды әзірлеу және көбейтіп шығару;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне полиграфиялық қызметтер көрсету;
- басылымдар мен ақпараттық өнімдерді көркемдік және техникалық безендіруді қамтамасыз ету;
- Орталықтың ресми сайты мен цифрлық ақпараттық ресурстарын сүйемелдеу және дамыту;
- қызметкерлерге техникалық қолдау көрсету және Орталықтың ІТ-инфрақұрылымын сүйемелдеу;
- компьютерлік, серверлік және кеңселік техникаға қызмет көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдары, авторлық құқық, дербес деректер және ақпаратты қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы цифрлық және полиграфиялық технологияларды енгізу;
- Бөлімнің құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- баспа және сандық қызмет арқылы Орталықтың оңды имиджін қалыптастыруға атсалысу.
Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- қолжазбалар мен материалдарды қабылдау және техникалық сараптау;
-дизайн-тұжырымдамаларды әзірлеу, журналдарды, әдістемелік материалдарды, жинақтарды, буклеттерді, брошюраларды, ақпараттық және жарнамалық материалдарды қоса алғанда, баспа және электрондық өнімнің макеттерін дайындау;
- материалдарды әдеби, техникалық және көркем редакциялау, оларды жариялауға және көбейтуге дайындау;
- белгіленген ресімдеу стандарттарын сақтай отырып, баспа және электрондық басылымдарды беттеу;
- материалдарды алдын ала дайындау, түпнұсқа-макеттерді қалыптастыру және оларды баспаға беру;
- құжаттар мен материалдарды басып шығару, көшіру, көбейту және сканерлеу;
- шығарылатын ақпараттық өнімнің сапасын бақылау, макеттердің бекітілген үлгілер мен техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
- басылымдардың электрондық нұсқаларын дайындау (PDF, интерактивті форматтар);
- басылымдардың электрондық және баспа нұсқаларын сақтау және мұрағаттау;
- Орталықтың ресми сайтының және өзге де цифрлық ресурстарының жұмысын қамтамасыз ету, ақпараттық материалдарды орналастыру және өзектендіру;
- операциялық жүйелер мен қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, баптау және сүйемелдеу;
- серверлік жабдықтарға, жұмыс станцияларына, ұйымдастыру техникасына, перифериялық құрылғыларға және телефония құралдарына қызмет көрсету;
- Бөлімнің құзыреті шегінде техникалық ақаулықтарды диагностикалау және жою;
- компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мәселелері бойынша қызметкерлерге техникалық және консультациялық қолдау көрсету;
- ақпаратты резервтік көшіруді және қалпына келтіруді ұйымдастыру;
- таралымдар мен шығыс материалдарын есепке алу;
- компьютерлік техниканың, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының пайдаланылуын есепке алу және бақылау;
- Қазақстан Республикасының авторлық құқық, бұқаралық ақпарат құралдары, дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Бөлімнің құзыреті шегінде ақпараттың құпиялылығы, тұтастығы және қолжетімділігі тұрғысынан Орталықтағы ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізуге және баспа және ақпараттық процестерді жетілдіруге қатысу;
- полиграфиялық және техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша сыртқы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Орталықтың қызметін цифрлық трансформациялау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға атсалысу.