МШ бар балалардың кәсіптік білім беру зертханасы

  • 11.07.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 13

 

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға (тұлғаларға) кәсіптік білім беру зертханасының 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы

2025 жылы филология ғылымдарының  кандидаты,  доцент, заңгер,  ғылыми-әдістемелік бөлімнің бас ғылыми қызметкері Сейсенова Алмагуль Даулетказиевна «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыруда.
 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері аясында отбасы мен мектептің өзара әрекеті алғаш рет қарастырылып, аталмыш бағытта ортақ жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ұсынымдар жасалуында.  
 
Ғылыми зерттеудің мақсаты – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастырумен байланысты жағдаяттарды талдау, қарастырылып отырған бағытта жалпы қызметтерді жетілдіру бойынша ұсынымдар беру. 
Зерттеудің мақсаты оның төмендегідей міндеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді:
 
- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың өміртіршілігінің барлық деңгейлері мен кезеңдерінде оларды кәсіби бағдарлау және кәсіби еңбекке дайындау сұрақтары аясында отбасы мен мектептің өзара әрекеті бойынша жалпы жағдайды зерттеу және өзекті мәселелерді анықтау;
 
- белгілі бір бұзылыстары бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың кәсіби бағдарлануы, кәсіби еңбекке дайындығы және одан кейінгі өміртіршілігі бойынша өзекті ақпарат пен мәліметтерді жинақтап, талдау; 
 
- мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеп отырған отбасылардың өміріндегі басты мәселелердің бірі ретінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың кәсіби бағдарлануы, еңбекке дайындығы және одан кейінгі жұмысқа орналасуы бойынша өзекті мәселелер мен маңызды сұрақтарды анықтап, белгілеу;
 
- Қазақстан Республикасында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастарды кәсіби бағдарлау, еңбекке оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша сауалнамаларды дайындау;
 
- жоғарыда аталған санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіби бағдарлау және кәсіби-еңбекке дайындау мәселелері бойынша білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдер мен жастардың ата-аналары (заңды өкілдері) және мектептердің басшылығы мен педагогтары арасында сауалнаманы өткізу;
 
- сауалнамаларды талдау және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру барысында әр тараптың бастамалары, ұсынымдары мен пікірлерінің маңыздылығын анықтау; 
- қарастырылып отырған тақырып аясында Әдістемелік ұсынымдарды дайындау.