«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

  • 02.04.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 102

1. Басылымның жалпы сипаттамасы

«Арнайы педагогика» журналы – жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандарының озық педагогикалық тәжірибесін, авторлық әзірлемелерін жариялауға арналған бейінді мерзімді басылым.

Журнал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу тәжірибесіне инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізуге, сондай-ақ мамандарға ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетуге, отандық және халықаралық тәжірибе алмасу арқылы олардың кәсіби дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Журнал 2025 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген (тіркеу куәлігі № KZ77VPY00125810).

2. Журналдың мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсаты: қазір жұмыс істеп жүрген мамандардың ғылыми ізденіс нәтижелерін мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың заманауи тиімді тәсілдеріне деген практикалық қажеттіліктермен ықпалдастыру.

Негізгі міндеттері:

1. Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және жүйелеу.

2. Сынақтан өткен технологиялар, әдістемелер, кейстер мен жұмыс алгоритмдерін ұсыну арқылы мамандарға ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

3. Білім беру тәжірибесіне инновациялық тәсілдерді, бірегей әдістемелік шешімдер мен құралдарды енгізу.

4. Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету.

5. Арнайы білім беру саласында кәсіби өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде тиімді тәжірибелер мен қолдау технологияларымен алмасу.

 

Толығырақ