Зертхананың мақсаты - сөйлеу тілі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында сапалы оқытуды, түзету көмегін және әлеуметтенуді қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген және тәжірибеге бағытталған шешімдерді әзірлеу және сынақтан өткізу.
Зертхананың міндеттері
1. Сөйлеу тілі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың білім беру қажеттіліктері мен өзекті мәселелерін заманауи ғылыми деректер мен практикалық тәжірибе негізінде зерттеу.
2. Балалардың сөйлеу және қимыл-қозғалыс ерекшеліктеріне бейімделген әдістемелік ұсынымдар, бағдарламалар мен ресурстарды әзірлеу және сынақтан өткізу.
3. Түзету жұмысына арналған жаңа технологиялар мен құралдарды әзірлеуге бағытталған қолданбалы және эксперименттік зерттеулер жүргізу.
4. Сөйлеу тілі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен жұмыс істейтін педагогтерге консультациялар, оқу материалдары және әдістемелік қолдау көрсету арқылы қолдау ұйымдастыру.
• Зертхана меңгерушісі – Еламанова Інтизар Полатқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы педагог (дефектолог)
• Жетекші ғылыми қызметкер – Коржова Галина Михайловна
• Аға ғылыми қызметкер – Халыкова Гүлнара Болатбекқызы
• Әдіскер – Назарбаева Анар Амантаевна
• Әдіскер – Қалдыбаева Әлия Әліқызы