«Инклюзивті және арнайы білім беру хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналының авторларға арналған ережелері

  • 18.05.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 84

Мақаланы жариялау шарттары:
- Ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарын ұстануы қажет.
- Мақала ұсынылған кезде автор мақаланың түпнұсқа екендігіне және бұрын басқа дереккөзде ағымдағы немесе ұқсас түрде жарияланбағанына, мақала басқа баспагерлерге берілмегеніне кепілдік береді. Басқа тілдерде жарияланған мақалалардың аудармалары қабылданбайды.
- Мақалада интернеттен алынған суреттер мен фотосуреттерді пайдалануға болмайды. Тақырыпқа қажетті арнайы фотосуреттер пайдаланылған жағдайда оның дереккөзіне сілтеме жасалуы тиіс.
- Зерттеу нәтижелері бұрмаланбаған, нақты мәліметтермен болуы керек, материалдарды жинау, іріктеу және өңдеудің тәртіптік ережелері сақталуы керек.
- Мақалада авторлардың орналасу тәртібін авторлардың өздері анықтайды және редакцияға тапсырғаннан кейін өзгеріссіз қалады. Редакциялау кезеңдерінде авторларды қосуға немесе жоюға жол берілмейді. Мақала қабылданғаннан кейін авторларды өзгертуге рұқсат етілмейді.
- Нөмірге бір автордан бір ғана материал немесе сол адамның өзге авторлармен бірлесіп дайындаған материалы қабылданады.
- Бір мақаладағы авторлар саны 4-тен аспайды.
- Мақаланың өзіндік бірегейлік дәрежесі кемінде 70%-ды құрауы тиіс (редакциялық алқаның шешіміне сәйкес).
- Плагиатқа қарсы тексеруден екі рет өтпеген мақала үшінші рет тексеруге жіберілмейді және жарамсыз деп танылады.
- Егер мақалада балаларды зерттеуге байланысты мәселелер қозғалса, этикалық комитеттің қорытындысын ұсыну қажет.
Басым бағыттар:
1) Инклюзивті және арнайы білім берудің теориясы мен әдіснамасы;
2) Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
3) Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы инновациялық әдістер мен цифрлық технологиялар;
4) Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен даярлығы;
5) Инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы пәнаралық зерттеулер.
Жарияланым тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, түрік тілі.