Есту/көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы

  • 09.07.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 38

Зертхана қызметінің мақсаты: 
Есту және көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің сапасын, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған мазмұнын, технологияларын және білім беру жағдайларын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және сүйемелдеу.
 
Зертхананың міндеттері:
1. Есту және көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арнайы білім беру саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
2. Есту және көру қабілетінің бұзылыстары бар білім алушыларға білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін, заманауи оқыту құралдарын (соның ішінде техникалық және цифрлық ресурстарды) әзірлеу, бейімдеу, сынақтан өткізу және ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу.
3. Есту және көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзете-дамыту жұмыстары бойынша арнайы білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету.
4. Есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың даму динамикасын, білім жетістіктерін және педагогикалық жағдайларды бағалауға арналған мониторинг құралдарын әзірлеу, сынақтан өткізу және жетілдіру.
5. Есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу.
6. Есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға білім беру, тәрбиелеу және әлеуметтендіру сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды бірлесе жүзеге асыру мақсатында ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамыту. 
 
Зертхана меңгерушісі – Чулембаева Айгерим Бауржановна, педагогика ғылымдарының магистрі, дефектолог, сурдопедагог.