Ғылыми-әдістемелік бөлім (бұдан әрі – Бөлім) – «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің (бұдан әрі – Орталық) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша ізденіс-қолданбалы зерттеулер негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үдерісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Бөлім қызметінің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері (даму мүмкіндіктері шектеулі) бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үдерісін олардың білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде және арнайы педагогика, арнайы психология мен басқа да іргелес ғылымдардың қазіргі даму үрдістерін ескере отырып ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
1) Ғылыми-әдістемелік бағыт:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін зерделеу, талдау және зерттеу;
- мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен технологияларын, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациялау);
- арнайы ұйымдардың қызметіне арналған ұйымдастырушылық-нормативтік, мазмұндық, оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету технологиялары мен әдістерін әзірлеу және жалпы білім беру ұйымдарының практикасына енгізу;
- жүргізілген зерттеулер, әдістемелік әзірлемелердің нәтижелері мен стейкхолдерлердің сұраныстарын ескере отырып, арнайы білім беру ұйымдарының мамандарын кәсіби дамыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша біліктіліктерін арттыру курстарына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
2) Ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт:
- Орталық алдында тұрған міндеттерге сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген тақырып аясында оқу-әдістемелік қызметтің негізгі бағыттарын анықтау;
- Орталықтың әдістемелік материалдарын, мерзімді және сериялы басылымдарын дайындау, таратуға даярлау, тәжірибе мен зерттеу нәтижелерін алмасу мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- Орталықтың басқа ұйымдармен, оның ішінде шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын ұйымдастыру;
- арнайы білім беру ұйымдары мен өңірлік білім басқармаларының әдістемелік бөлімдерінің қызметін үйлестіру;
- педагогтерге жұмыс жиналыстары, вебинарлар арқылы кеңес беру.
Бөлім келесі функцияларды атқарады:
- операциялық, тақырыптық және күнтізбелік жоспарларға сәйкес Орталық директорымен бекітілген ғылыми-әдістемелік жұмыстың бағыттары бойынша уақытша шығармашылық ұжымдар құру арқылы қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру;
- ғылыми-әдістемелік жұмыстың нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, тәжірибені сынақтан өткізу (апробациялау) және тарату;
- семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу, жұмыс іс сапарлары, тәжірибе алмасу, үйлестіру және кеңес беру бойынша жиындарды ұйымдастыру;
- бөлім қызметкерлерінің біліктілігін ірі ғылыми-зерттеу мекемелерінде арттыруды қамтамасыз ету;
- Орталықтың білім беру, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық аясындағы іс-шараларға қатысуына қолдау көрсету;
- Орталық құрылымдық бөлімшелерінің, арнайы білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін үйлестіру.
Бөлім құрылымына 7 ғылыми зертхана кіреді:
1.Ерте қолдау зертханасы.
2.Есту/көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы.
3.Сөйлеу қабілеті/ тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы.
4.Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы.
5.Зияты зақымдалған/күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы
6.Аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру зертханасы.
7.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (тұлғаларға) кәсіби білім беру зертханасы.