Біліктілікті арттыру бөлімі қызметі

  • 15.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 2256

Біліктілікті арттыру бөлімі арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру іс-шараларын, сондай-ақ курстан кейінгі қолдауды жүзеге асырады.

Бөлімнің мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық кадрлар үшін біліктілікті арттыру курстарын заманауи талаптарға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың жаңа әдістерін меңгеру қажеттілігіне сай ұйымдастыру және оқу-әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу. Бұл үдеріс қазіргі заманғы үздік психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен білім беру-түзету тәжірибесіне негізделеді.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» ҚР Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын, 2021 жылғы 26 маусымдағы «Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығын («Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары»), сондай-ақ 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығын («Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы») басшылыққа алады.

Сондай-ақ бөлім «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің операциялық жоспары мен осы орталықтың директоры бекіткен арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған курстық іс-шаралар жоспарына сәйкес қызмет атқарады.