• 02.09.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 1927

ҚР-да педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің ең өзекті аспектілерінің бірі курстардан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау болып табылады. Біліктілікті арттыру ұйымдары педагогтерді курстарда оқытуды ғана емес, сонымен қатар курстан кейінгі қолдауды, білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" бұйрығына сәйкес курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу ұғымдары мен тәртібі айқындалады.

Курстан кейінгі қолдаудың мазмұны біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының мақсаттарымен, міндеттерімен және күтілетін нәтижелерімен анықталады.

Педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің курстан кейінгі қызметіне үздіксіз мониторинг жүргізу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі.

Курстан кейінгі мониторинг – педагогикалық практиканың нақты жай-күйін курстар бағдарламасының күтілетін нәтижелерімен, оның ішінде қашықтықтан салыстыру мақсатында сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметін бақылау және бағалау жүйесі.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес біздің орталықтың арнайы және инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі курстан кейінгі кезеңде педагогтарды қолдауды күшейтуге қатысты белсенді түрде жаңартылуда.

Курстардан өткеннен кейін тыңдаушыларды қолдау біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруды және қолдауды жүзеге асыратын профессорлық-оқытушылар құрамының педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысушылармен және кәсіби қоғамдастықтарымен өзара әрекеттестікте тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (жоспарлық семинарлар, вебинарлар, конкурстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру іс-шаралары) өткізу, сондай-ақ әртүрлі байланыс құралдарын қолдану арқылы (электрондық почта, орталық сайт, жалпы чаттар және т.б.) жеке қарым-қатынас түрінде жүзеге асырылады. Өзара әрекеттестіктің бұл формалары практикада туындайтын педагогтердің кәсіби қиындықтарын толтыруға, нақты педагогикалық қызметте игерілген теориялық және практикалық материалдарды қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

АИБД ҰҒПО-да біліктілікті арттыру курстарынан өткен арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

 

Қағидалар "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығының негізінде әзірленді.

1. Осы Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін, сондай-ақ педагогтардың қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды.

2. Педагогтердің алған білімдерін практикада іске асыру үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады (Педагог мәртебесі туралы 27.12.19 ж. ҚР Заңы).

3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау – педагогтің курстан кейінгі қызметіне үздіксіз мониторинг жүргізу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі.

4. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагог жұмыс барысында алған кәсіби құзыреттіліктерін қолданады.

5. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыратын АИБД ҰҒПО РММ бір күнтізбелік жыл ішінде және одан да көп уақыт ішінде педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерге қорытынды мониторинг пен талдау жасай отырып, алған білімдерін тәжірибеде сапалы іске асыру үшін біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды жүзеге асырады, ол педагогке, оның ішінде қашықтықтан режимде ұсынылады.

 

Педагог қызметін курстан кейінгі қолдауды жүргізу түрлеріне төмендегілер жатады:

 

1) Курстан өткен педагогтердің сауалнамалары сілтеме

2) Кәсіби даму туралы куәландыратын құжаттар (шеберлік-класс, семинарлар мен вебинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел, конференциялар, жарияланымдық мақалалар (облыстық, республикалық, шетелдік басылым) әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсынымдар, зияткерлік және шығармашылық конкурстар))  сілтеме

3) Курстан кейінгі кезеңдегі өзіндік педагогикалық тәжірибені рефлексивті талдау (Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолданатын педагогтерді тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысуға тарту, сондай-ақ курс тыңдаушыларына олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексивті қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету. Жарияланымды, педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін дайындауда консультациялық көмек көрсету. Педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (конкурстар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу.))