Ерте қолдау зертханасы

  • 23.07.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 35

Мақсаты – туғаннан бастап үш жасқа дейінгі, осал тобына жататын балаларға ерте қолдау көрсету саласында ғылыми негізделген, практикаға бағытталған шешімдерді әзірлеу және сынақтан өткізу. Сонымен қатар, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және ата-аналардың ерте араласу мен қолдау жөніндегі хабардарлығын жоғарылату.
Міндеттері:
1. Ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ғылыми деректер мен отандық және шетелдік практикалық тәжірибе негізінде зерделеу.
2. Балалардың алғашқы функционалдық бұзылыстарын ерте анықтау, екіншілік бұзылыстардың алдын алу мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізу.
3. Ерте қолдау көрсету модельдерін, жеке сүйемелдеу бағдарламаларын және мамандар мен ата-аналарға арналған оқыту ресурстарын әзірлеу және апробациядан өткізу.
Зертхана меңгерушісі – Халыкова Гульнара Болатбековна, педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы педагог, логопед
Бас ғылыми қызметкер – Ерсарина Алия Касымхановна, психология ғылымдарының кандидаты
Аға ғылыми қызметкер – Малиновский Виталий Викторович, педагогика ғылымдарының магистрі, дәрігер-психиатр