Мақаланы жариялау шарттары:
– Ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар халықаралық ғылыми жарияланым стандарттарын ұстануы тиіс.
– Мақаланы ұсыну барысында автор мақаланың түпнұсқа екеніне, бұрын ешбір дереккөзде жарияланбағанына және басқа баспаларға ұсынылмағанына кепілдік береді. Басқа тілдерде жарияланған мақалалардың аудармалары қабылданбайды.
– Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мәтін генерациясының рұқсат етілген деңгейі 40–50%-дан аспауы тиіс. Авторлар ұсынылған материалдардың түпнұсқалығы, шынайылығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы үшін толық жауап береді.
– Зерттеу нәтижелері нақты, бұрмаланбаған деректерге негізделуі тиіс, сондай-ақ материалдарды жинау, іріктеу және өңдеу кезінде пәндік талаптар сақталуы қажет.
– Мақаладағы авторлардың орналасу тәртібін авторлар өздері анықтайды және редакцияға тапсырылғаннан кейін ол өзгертілмейді. Редакциялау кезеңінде авторларды қосуға немесе алып тастауға жол берілмейді. Мақала қабылданғаннан кейін авторлар құрамын өзгертуге тыйым салынады.
– Бір автордан немесе сол автордың өзге авторлармен бірлесіп жазған мақаласынан бір нөмірге бір ғана қолжазба қабылданады.
– Бір мақаладағы бірлескен авторлар саны 4 адамнан аспауы тиіс.
– Мақаланың бірегейлік деңгейі 70%-дан төмен болмауы қажет (редакциялық алқа шешіміне сәйкес).
– Плагиатқа қарсы тексеруден екі рет өтпеген, сондай-ақ ресімдеу, мазмұн және журнал талаптарына сәйкес келмейтін материалдар үшінші тексеруге жіберілмейді және жарамсыз деп танылады.
– Егер мақалада балаларға қатысты зерттеу мәселелері қарастырылса, этикалық комитеттің қорытындысын ұсыну қажет.
– Мақалаларды қабылдауға арналған электрондық пошта: journalspecialedu.kz@yandex.kz