Талдау және мониторинг бөлімінің қызметі

  • 01.09.2021
  • ННПЦ РСИО
  • 3015

Талдау және мониторинг бөлімі АИБД ҰҒПО құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім жұмысы 004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.
Бөлімнің негізгі мақсаты ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңын жүзеге асыруда арнайы білім беру ұйымдарына ақпараттық-талдау қолдау көрсету; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы білім беру жүйесі бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тапсырысын орындау; АИБД ҰҒПО-ның барлық құрылымдық бөлімшелеріне техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
 
Бөлім қызметінің бағыттары:
 
- ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы білім алу қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың оқу-әдістемелік қамтамасыз, талдау;  
- арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін жарақтандыру және көмекші технологияларды енгізу жағдайын зерттеу;
- білім берудің және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторинг жүргізу,  ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету көмегін көрсететін ұйымдар желісінің есебі мен динамикасы;
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту минситрілігімен, өңірлік білім басқармаларымен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
 
Талдау және мониторинг бөлімінің ұйымдастырушылық жұмысы
 
- арнайы білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
- арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім берудің және оларды түзеу арқылы қолдаудың негізгі аспектілері бойынша мониторингтер;
- арнайы білім беру ұйымдарының педагог кадрларының сапалық және сандық құрамын талдау;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту практикасына ақпараттық коммуникативтік технологияларды зерделеу; 
- арнайы білім беру ұйымдары желісінің есебі және динамикасы;
- ұлттық білім беру деректер базасы жүйесін пайдалану;
- халықаралық, республикалық семинарлар мен конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысу