Білім беру ұйымдарына кеңес беру және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек

  • 09.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 3133

1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тексеру және оларға кеңес беру мәселелері бойынша өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың меңгерушілері мен мамандарына кеңес беру және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.

2. Облыстық, қалалық және аудандық ПМПК-ға практикалық әдістемелік көмек көрсету, ПМПК мамандарының біліктілігін арттыру.

3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы оқу жағдайларын жасау бойынша мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне, мамандарына консультациялық көмек көрсету.

4.  Білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат беру мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды уақтылы анықтау бойынша білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыс;

5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы есепті жүргізу және жиынтық есептілікті қалыптастыру.