1. Басылымның жалпы сипаттамасы
«Инклюзивті және арнайы білім беру жаршысы» ғылыми-педагогикалық журналы – инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы іргелі, қолданбалы және пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін жариялауға арналған бейінді мерзімді басылым.
Журналдың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің әдіснамалық негіздерін, инновациялық тәсілдері мен практикалық әдістемелерін дамытуға ықпал ету, сондай-ақ ғылым мен білім беру тәжірибесінің интеграциясын қамтамасыз ету.
Журнал 2025 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген
(тіркеу куәлігі № KZ91VPY00125752).
2. Журналдың мақсаттары мен міндеттері
Негізгі мақсат:
инклюзивті және арнайы білім берудің әдістемелік, педагогикалық және ғылыми мәселелерін талқылауға арналған кәсіби ғылыми алаң қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
1. инклюзивті білім берудің әдіснамалық базасын қалыптастыру;
2. ғылыми негізделген әдістемелік әзірлемелерді тарату;
3. білім беру тәжірибесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал ету;
4. педагогтер мен ғылыми мамандардың біліктілігін арттыру;
5. арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулердің халықаралық интеграциясына жәрдемдесу.
3. Редакциялық саясат
Журнал Қазақстанның және шетелдердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарға, магистранттарға, білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі педагогтарға, сондай-ақ инклюзивті және арнайы білім беру жүйесінің мамандарына арналған.