ОЖТЕ бөліміне туғанынан 18 жасқа дейінгі ақыл-ойының және дене дамуының бұзылыстары бар, кешенді психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар қабылданады. Бөлімге туғаннан бастап үш жасқа дейінгі ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалар басым тәртіппен қабылданады. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қабылдау кезінде бөлімге келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
• ата-аналардың (заңды өкілдердің)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (бар болса).
Балаларды қабылдау тек ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың) еріп жүруімен жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету ОЖТЕ бөлімі мен баланың ата-анасы (заңды өкілдері) арасындағы келісім шарт негізінде реттеледі.
БалаОЖТЕ бөліміне түскен кезде, оның ерекшеліктерін жәнепәнаралық командалық бағалау жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында, маманның жеке тексеруі түрінде балаға психологиялық-педагогикалық зерделеу жүргізіледі. Жеке тексеру және/немесе командалық бағалау нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері, психологиялық-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары, әдістері айқындалады, көмек көлемі, сабақтың ұзақтығы белгіленеді, баланың жеке-дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ЖДБ) әзірленеді.
0-ден 1 жасқа дейінгі балаларға ата-аналар үшін айына 1-2 рет ЖТР сәйкес консультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Ерте жастағы балалар үшін (1-3 жас) ата-аналардың қатысуымен Жеке және топтық сабақтар өткізіледі.
Медициналық көмек дәрі-дәрмекпен емдеу, шынығу, емдік дене шынықтыру, массаж түрінде көрсетіледі.
Массажға жіберілген кемтар балаларды алғашқы тексеруді дәрігер-невропатолог жүзеге асырады.
ЕДШ-ға жіберілген мүмкіндіктері шектеулі балаларды бастапқы тексеруді оңалтушы дәрігер жүзеге асырады, ол ЕДШ нұсқаушыларының өткізілетін іс-шараларының стратегиясын айқындайды. Емдік дене шынықтыру сабақтары құрылықта залда және бассейнде өткізіледі.
Бөлімге барудың жалпы медициналық қарсы көрсетілімдері:
- декомпенсация сатысындағы соматикалық аурулар;
- асқынған инфекциялық аурулар;
- созылмалы ерекше емес аурулар (туберкулез және т. б.)
Жеке сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:
а) емге төзімді жиілікке қарамастан құрысудың үлкен ұстамалары;
б) әртүрлі генездегі айқын көрінген энцефалопатиялық және психопатиялық тәрізді мінез-құлық бұзылулары (емдеу кезеңінде)
Түзету және дамыту көмегі ОЖТЕ бөлімінде келесі түрде ұсынылады:
- түзете-дамыта оқытудың жеке нысаны;
- түзете-дамыта оқытудың шағын топтық / топтық түрінде;
- күндізгі болу топтары;
- балалардың қысқа мерзімді болу топтары;
- отбасына психологиялық-педагогикалық кеңес беру;
-әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
- медициналық көмек (ЕДШ, массаж, дәрігерлердің консультациясы: невропатолог, сауықтырушы, педиатр).