Зияты зақымдалған/күрделі бұзылыстары бар балаларға арнайы білім беру зертханасы
Жалпы ақпарат
Зертхана ғылыми-зерттеу және әдістемелік бөлімше болып табылады, оның негізгі мақсаты – зияты зақымдалған және күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар тиімді түзету педагогикалық тәсілдер мен технологияларды әзірлеу және енгізу.
Зертхананың негізгі қызмет бағыттары
1. Зияты зақымдалған және күрделі бұзылыстары бар балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу
Зияты зақымдалған және күрделі бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу.
2. Зияты зақымдалған және күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған үлгілік бағдарламалар әзірлеу және сынақтан өткізу
Зияты зақымдалған және күрделі бұзылыстары бар балалардың оқу және өмірлік дағдыларын дамытуға, дербестіктерін қалыптастыруға және әлеуметтендіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістерді әзірлеу және сынақтан өткізу
3. Арнайы білім беру саласындағы мамандарға кәсіби қолдау көрсету
Арнайы педагогтарға арналған оқыту іс-шараларын (вебинарлар, семинарлар, практикумдар) ұйымдастыру, кеңес беру мене әдістемелік қолдау көрсету.
4. Ғылыми-әдістемелік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру
Әдістемелік материалдар, оқу-әдістемелік кешендер және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу; арнайы білім беру мәселелері бойынша ғылыми конференцияларға қатысу әрі ұйымдастыру.
Зертхана қызметкерлері
Зертхана меңгерушісі: Естемесова Ж.Т.
Әдіскер: Омарғалиева Г.С.