Аутистік спектрдің бұзылыстары бар балаларға арнайы білім беру зертханасы

  • 23.06.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 126

Зертхананың мақсаты:
Аутистік спектрдің бұзылыстары (ары қарай – АСБ) бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

Зертхананың міндеттері:

1. АСБ бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету, дамыту және әлеуметтендіру салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізу.
2. АСБ бар балаларға қолжетімді білім беру ортасын қамтамасыз ететін бағдарламаларды, технологияларды, оқу-әдістемелік материалдарды (диагностикалық, түзете-дамыту және цифрлық ресурстарды қоса алғанда) әзірлеу және сынақтан өткізу.
3. АСБ бар балалардың білім жетістіктері мен даму динамикасын мониторингілеу құралдарын әзірлеу және сынақтан өткізу.
4. АСБ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін арнайы білім беру ұйымдарының қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.
5. Білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған АСБ бар балалардың ата-аналарына арналған ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
6. АСБ бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы отандық тәжірибені жинақтау, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибелерді зерттеу және оларды әлеуметтік-мәдени контексті ескере отырып бейімдеу.
7. АСБ бар балаларды қолдау саласында бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін бейінді (ғылыми, білім беру және қоғамдық) ұйымдармен серіктестік байланыстар орнату.

Зертхана меңгерушісі – Жанузакова Перизат Меирмановна, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-психолог.