Балалардың сөйлеу қабілеті бұзылыстарының дифференциалдық диагностикасы

  • 30.09.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 108

1. Жалпы ережелер

1. «Балалардың сөйлеу қабілеті бұзылыстарының дифференциалдық диагностикасы» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) логопедтерді психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға (бұдан әрі – ПМПК) оқытуды регламенттейді.

2. ПМПК логопедтерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі – ЕБҚ), оның ішінде сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды тексеру және оларға консультация беру сапасын арттыру мақсатында инклюзивтік білім беруді дамыту жағдайында консультациялар қызметін реформалауға байланысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII Заңына сәйкес ПМПК қызметі балалардың психикалық дамуының әртүрлі бұзылыстарын бағалау мен ажыратуда психологиялық-педагогикалық диагностиканың үлесін күшейтуді көздейтін әлеуметтік-педагогикалық модельге негізделеді. ПМПК логопедтерінің кәсіби қажеттіліктерін талдау балалардың сөйлеу тілінің дамуының проблемалары бойынша диагностика мен консультация берудің заманауи тәсілдері мен технологияларын қолдана отырып, балалардағы сөйлеу қабілеті бұзылыстарын дифференциалды диагностикалау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру қажеттілігін анықтады.

3. Білім беру бағдарламасы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедиялық тексеру және балалардағы әртүрлі сөйлеу қабілеті бұзылыстарын дифференциалды диагностикалау мәселелерінде ПМПК логопедтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.