Балалардың психикалық даму бұзылыстарының дифференциалдық диагностикасы

  • 30.09.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 136

1. Жалпы ережелер

1. «Балалардың психикалық даму бұзылыстарының дифференциалдық диагностикасы» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) психологтарды бала жастағы әртүрлі даму бұзылыстарының айрықша белгілерін анықтау мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға оқытуды регламенттейді.

2. ПМПК психологтарының біліктілігін арттыру курстарын өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, оның ішінде психикалық дамуы мен мінез-құлқының әртүрлі бұзылыстары бар балаларды тексеру және оларға консультация беру сапасын арттыру мақсатында қазіргі заманғы білім беруді дамыту жағдайында консультациялар қызметін реформалауға байланысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII Заңына сәйкес ПМПК қызметі балалардың психикалық дамуының әртүрлі бұзылыстарын бағалау мен ажыратуда психологиялық-педагогикалық диагностиканың үлесін күшейтуді көздейтін әлеуметтік-педагогикалық модельге негізделеді. ПМПК психологтарының кәсіби қажеттіліктерін талдау балалардың психикалық даму проблемалары бойынша диагностика мен консультация берудің заманауи тәсілдері мен технологияларын қолдана отырып, балалардың дамуындағы бұзылыстардың әртүрлі түрлерін дифференциалдық диагностикалау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру қажеттілігін анықтады.

3. Білім беру бағдарламасы балаларды психологиялық тексеру, балалардың психикалық дамуы мен мінез-құлқының әртүрлі бұзылыстарын дифференциалдық диагностикалау мәселелері бойынша ПМПК психологтарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.