• 28.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 208

Байтурсынова Айгуль Аманжоловна – «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директорының міндетін атқарушы.

1991-1995 ж.ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Дефектология, олигофренопедагогика» мамандығы бойынша жоғары білім алды, біліктілігі: олигофренопедагог, арнайы мекемелердің психологы.

Жоғары оқу орнын үздік бітіргеннен кейін жас маман ретінде Абай атындағы АМУ «Әлеуметтік бейімделу және емдеу педагогикалық түзету» факультетінің «Арнайы психология және педагогика» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді (1995-1998 жж.).

29.08.2001 ж. бастап 15.11.2001 ж. дейін Алматы қ. № 83 орта мектебінде психолог болып жұмыс істеді.

2001-2010 ж.ж. «Арнайы педагогика» кафедрасында Абай атындағы АМУ-де аға оқытушысы қызметін атқарды.

2010 жылы Айгуль Аманжоловна «Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептің оқу үдерісіне қосудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі шешімімен (№8 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді, 13.00.03 мамандығының шифры – Түзету педагогикасы (Сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика және логопедия).

2010-2012 ж.ж. Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында инклюзивті білім беру консультанты болып жұмыс істеді.

01.09.2012 жылдан 2017 жылға дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология институтында «Арнайы педагогика» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды.

01.03.2017 ж. Астана қ. «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру Орталығының «Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.

2018-2019 ж. «САНА» ғылыми-практикалық психология Орталығының бас ғылыми қызметкері.

2020 ж. Нұр-сұлтан қ. № 4 ПМПК-ның аға әдіскері.

2020-2023 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің психология және педагогика институтының «Арнайы педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

Арнайы білім беру және инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу және кадрлар даярлау мәселелері бойынша 50-ден астам жарияланымдары, оның ішінде оқу құралдары мен оқулықтары бар. Арнайы және инклюзивті білім беру саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде жұмыс топтарының жұмысына қатысады.

ҚР білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Алғыс хатының, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрінің ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатының иегері (2023).