Ең үздік шырша ойыншығы конкурсы
Жаңа жыл қарсаңында АИБД ҰҒПО педагогтері ең үздік шырша ойыншығына конкурс ұйымдастырды. Ата-аналар балалармен бірге өз қолымен ойыншықтарды сүйіспеншілікпен, үлкен тапқырлықпен жасады.
Байқауға көптеген алуан түрлі шырша ойыншықтары ұсынылды. Қазылар алқасының мүшелеріне осындай алуан түрлі қолөнердің ішінен таңдау жасау қиынға соқты. Алайда олар қойылған тапсырманы сәтті орындап шықты. Осы жасалған барлық ойыншықтар біздің орталықтың басты шыршасын безендіреді.