«Қазіргі білім беру ортасы жағдайында есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістері» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы

  • 15.04.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 21

1. Жалпы ережелер

1. «Қазіргі білім беру ортасы жағдайында есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістері» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) арнайы орта білім беру ұйымдарында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын арнайы педагогтар мен сурдопедагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

2. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына сәйкес Орталық мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілерге талдау, сондай-ақ арнайы орта білім беру ұйымдарында оқитын есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын арнайы педагогтар мен сурдопедагогтардың кәсіби қажеттіліктеріне сауалнама жүргізді.

Арнайы білім беру ұйымдарында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын мұғалімдер, тәрбиешілер, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, арнайы педагогтар мен сурдопедагогтар үшін біліктілікті арттырудың жекелеген курстарын өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі сауалнама нәтижелеріне байланысты.

Білім беру бағдарламасының мақсаты – қазіргі білім беру ортасы жағдайында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді формалары мен әдістері саласындағы арнайы педагогтар мен сурдопедагогтардың кәсіби құзыреттерін жетілдіру. Курстардың әзірленген білім беру бағдарламасы арнайы білім беру ұйымдарында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын мұғалімдердің, тәрбиешілердің, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының, арнайы педагогтардың, сурдопедагогтар мен логопедтердің кәсіби қызметінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

3. Курстың ұзақтығы - 10 күн, олардың әрқайсысы күніне 2 сағаттан тұратын 4 сабақтан тұрады (8 академиялық сағат). Курстық сабақтардың мазмұны мен құрылымы осы Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкес бағдарламада және оқу жоспарында ұсынылған.

 

Толығырақ