ПМПК психологтары біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады

  • 20.06.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 98

19 маусым күні «АИБД ҰҒПО» РММ-де ПМПК психологтары «Балалардың психикалық даму бұзылыстарының дифференциалды диагностикасы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.
Бағдарламаның мақсаты – балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау, кеңес беру және бағалау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Оқу барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
 
▪ Клиникалық-психологиялық және психологиялық-педагогикалық диагностика саласындағы білімдері тереңдетілді;
▪ ПДТ, аутистік спектрдегі бұзылыстары, зият және мінез-құлық бұзылыстарын ажырату тәсілдері меңгерілді;
▪ Ерте жастан бастап мектепке дейін жастағы, әр түрлі жастағы балаларды тексеру алгоритмдері игерілді:
▪ Нақты ұсыныстар мен қорытындылар жасау үшін құралдар алынды;
▪ Ата-аналарға психологиялық кеңес беру дағдылары артты;
▪ Инклюзияның нормативтік-құқықтық базасы мен заманауи тәсілдері зерттелді.
 
Алған білімдерінің нәтижесінде, мамандар ЕББҚ бағалау міндеттерін сапалы шешуге, оқытудың қажетті жағдайларын анықтауға және балаларға уақтылы психологиялық көмек көрсетуге дайын.
Бұл жай ғана оқыту емес, бұл диагностиканы жақсартуға, отбасыларды қолдауға және барлық балаларға қолжетімді білім беруді дамытуға қосылған зор үлес!