ППТК психологтары мен дефектологтары қарым-қатынас қиындықтары бар балаларды қолдау бойынша оқытудан өтті

  • 23.06.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 30

19 маусымда «АИБД ҰҒПО» РММ-де психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс бағдарламасы – аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балалармен (АСБ) дамытушылық жұмыс стратегиясын қалыптастыруға бағытталды. Оқыту барысында психологиялық-педагогикалық қолдау әдістері, балалармен өзара әрекеттесу тактикасы және оларды практикада қолдану бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Дәрістерде педагогтер аутизмі бар балаларға диагностика мен көмек көрсетудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін ұсынды. Орталықтың психологтары әр баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін жеке-дамыту бағдарламалардың (ЖДБ) қалай жасалатынын жан-жақты көрсетті.
Курсқа қатысушылар оқытушылар мен ұйымдастырушыларға құнды білімдері мен практикалық ұсыныстары үшін алғыстарын білдірді.